Кеңес сарапшылары отырыс қорытындылары бойынша 20-дан астам шара қабылдады.
2025 жылдың 14 ақпанында Қордың Қоғамдық-консультативтік кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттігі аяқталды. 2024 жылы оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, денсаулық сақтау саласының сарапшылары, депутаттар, қаржы мамандары және азаматтық қоғамның басқа да өкілдері кірді.
МӘМС жүйесін жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Қор қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен айқындығын арттыруға атсалысу Кеңестің негізгі міндеттеріне жатады.
«Өткен жылы сіздер МӘМС жүйесі мен ТМККК-ға қатысты маңызды әрі өткір мәселелерді көтердіңіздер. Ашық диалог пен сындарлы пікірталас арқасында негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеуге және жүйені жақсарту бойынша нақты қадамдар ұсынуға мүмкіндік туды. Бұл процеске қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз! Сондай-ақ МӘМС жүйесін қоғамда және БАҚ-та белсенді насихаттап жүрген азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Халықты ақпараттандыру – денсаулық сақтауды дамытудың маңызды бөлігі, ал сіздердің еңбектеріңіз оны қолжетімді және тиімді етуге көмектеседі», – деп атап өтті Индира Саркенова.
Жуықта 2025 жылғы ҚКК жаңа құрамы жарияланады. Оны Қордың сайтындағы «Қоғамдық-консультативтік кеңес туралы» бөлімінен көре аласыздар.
МӘМС жүйесін жетілдіруге арналған ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ Қор қызметінің тиімділігін, ашықтығы мен айқындығын арттыруға атсалысу Кеңестің негізгі міндеттеріне жатады.
2024 жылы ҚКК мүшелері Қорға әртүрлі сұрақтар бойынша түсініктемелер алу үшін 55 сұрау жолдады. Сонымен қатар, Кеңестің жылдық жұмыс жоспарында көзделген 24 іс-шара толық орындалды (жыл қорытындысы).
«ӘМСҚ» КЕАҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Индира Саркенова МӘМС жүйесін жетілдіруге қосқан үлесі үшін ҚКК барлық мүшелеріне алғысын білдірді.
«Өткен жылы сіздер МӘМС жүйесі мен ТМККК-ға қатысты маңызды әрі өткір мәселелерді көтердіңіздер. Ашық диалог пен сындарлы пікірталас арқасында негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын белгілеуге және жүйені жақсарту бойынша нақты қадамдар ұсынуға мүмкіндік туды. Бұл процеске қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз! Сондай-ақ МӘМС жүйесін қоғамда және БАҚ-та белсенді насихаттап жүрген азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін. Халықты ақпараттандыру – денсаулық сақтауды дамытудың маңызды бөлігі, ал сіздердің еңбектеріңіз оны қолжетімді және тиімді етуге көмектеседі», – деп атап өтті Индира Саркенова.
Жуықта 2025 жылғы ҚКК жаңа құрамы жарияланады. Оны Қордың сайтындағы «Қоғамдық-консультативтік кеңес туралы» бөлімінен көре аласыздар.
ҚазҰМУ ректоры, ҚКК төрағасы Марат Шоранов пен Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, ҚКК мүшесі Вячеслав Локшиннің қатысуымен өткен подкастымызды тамашалаңыздар.
14.02.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



